Сурет: istockphoto.com
Алдыңғы күнгі құлдыраудан кейін әлемдік мұнай бағасы 11 қарашада қайта өсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,44%-ға қымбаттап, барреліне 92,44 доллар болды. Oilprice.com мәліметінше, америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,78%-ға өсіп, барреліне 86,68 долларға жетті. Ал ресейлік Urals маркалы мұнай 0,51%-ға арзандап, барреліне 74,60 доллар болды.
Мұнай бағасының өсуіне Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерге жасалған шабуылдар мен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты алаңдаушылық әсер етті. Сондай-ақ АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің бәсеңдеуіне қатысты үміт те нарықтағы ахуалға ықпал етті.
Еске салайық, 5 қарашада әлемдік нарықта WTI және Brent маркалы мұнайдың бағасы арзандаған, ал ресейлік Urals маркалы мұнай керісінше қымбаттаған. Қазан айының ішінде мұнай бағасы шамамен 20%-ға өсті.
Мазмұнға өту
