Спорт

Ақнұр Тұрсынғали Дакар жасөспірімдер Олимпиадасында күміс алды

Сурет: ТСМ

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

57 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған айқаста төрешілер 4:1 есебімен қарсыласының басымдығын тіркеді.

Екінші раундта Ақнұр нокдаунға түскенімен, жекпе-жекті соңына дейін жалғастырып, Қазақстан қоржынына күміс жүлде салды.

Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бір күн бұрын екі қола медаль түскен. Оларды таеквондошы Любовь Юн мен боксшы Марал Төлепберген әкелді.

Сонымен қатар дзюдодан Фатима Сұпығалиева мен тасжол велоспортынан Әнел Тәшбай чемпион атанса, триатлоннан Рамазан Әйгенов қола медаль жеңіп алды.

Көп оқылғандар