Сурет: Туризм және спорт министрлігі (архив)
Парабиатлоннан Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов бұл жолы парабразилиялық джиу-джитсудан жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз жарыс кезінде қара белбеу иелерін де ұтты.
Ербол Хамитов 2026 жылы Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиадада парабиатлоннан алтын, ал парашаңғы жарысынан қола медаль алған болатын.
Биыл наурыз айының соңында оған «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Ербол Хамитовқа ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін тапсырған еді.
Мазмұнға өту
