Спорт

Нұрсұлтан Құрман футзал қауымдастығының президенттігінен кетті

Сурет: ҚФФ

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметінен кететінін Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол отандық футзалды дамытуға үлес қосқан әріптестеріне, клуб басшыларына, жаттықтырушыларға, спортшылар мен жанкүйерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлына сенім артып, қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

«Әрине, кез келген жұмыста жетістіктермен қатар, қиындықтар да болады. Дегенмен осы уақыт аралығындағы жұмсалған күш-жігер мен атқарылған еңбек мен үшін әрдайым қымбат. Қазақстан футзалының болашағы жарқын екеніне сенемін. Ұлттық құрамамызға, клубтарымызға және осы спорттың дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға сәттілік тілеймін», деп жазды ол.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны, қақпашы Лео Игита 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. 11 қарашада өткен іріктеу кезеңінің алғашқы турында Қазақстан Беларусь құрамасына 5:1 есебімен есе жіберді.

Көп оқылғандар