Сурет: ашық дереккөз
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубы бас бапкер қызметіне Маурисио Почеттиноны тағайындауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөзге сәйкес, Почеттино — жаңа бапкер орнына басты үміткерлердің бірі. Қазір ол АҚШ ұлттық құрамасын жаттықтырады. Егер Майкл Кэррик командадан кетсе, аргентиналық маман «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін.
Басылымның мәліметінше, клуб Почеттино өкілдерімен ынтымақтастық шарттарын алдын ала талқылаған. Бірақ әзірге АҚШ футбол федерациясымен келіссөз жүргізілмеген.
Аргентиналық бапкерді ұлттық құрамадан босату үшін ағылшын клубы АҚШ футбол федерациясына 10 млн доллар өтемақы төлеуі ықтимал.
Қазір «Манчестер Юнайтед» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 18-орында. Команда маусымның алғашқы 10 турында тек бір рет қана жеңіске жеткен.
Бұған дейін Почеттино Англия чемпионатында «Саутгемптон», «Тоттенхэм» және «Челси» клубтарын, сондай-ақ Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жаттықтырған.
Еске салайық, Халықаралық футбол федерациясы әлемнің 211 елінде футболды дамытуға арналған қор құруды ұсынған болатын. Жоспар бойынша әр ұлттық футбол қауымдастығына төрт жыл ішінде 25 млн доллардан бөлінуі мүмкін.
Мазмұнға өту
