Жайық news

Қазталов ауданында «Экоquiz» зияткерлік ойыны өтті

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Экоquiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында қатысушылар экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды сұрыптау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау тақырыптары бойынша білімдерін тексерді.

Танымдық ойын жастардың білімін кеңейтуге ғана емес, оларды экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға, табиғатқа қамқорлық жасауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінуінен басталады. Бүгінгі «Экоquiz» зияткерлік ойыны жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға ғана емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, сондай-ақ табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуға ұмтылыс қалыптастыруға бағытталған. Өйткені табиғатқа ұқыпты қарау – бұл тек бүгінгі күннің міндеті емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз», – деді Қазталов ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Биби Уали.

«Экоquiz» ойынының ерекшелігі – экологиялық тақырыптар дәстүрлі дәріс форматында емес, қызықты әрі танымдық ойын түрінде ұсынылды.

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Көп оқылғандар