Жайық news

Қарашығанақ ГӨЗ жобасын іске асыру барысы талқыланды

Сурет: Жайық Пресс

Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың төрағалығымен жылына 5 млрд м³-ге дейін газ өңдейтін Қарашығанақ газ өңдеу зауытын (ҚГӨЗ) салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, Қарашығанақ жобасының акционерлері, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Уәкілетті органның (PSA) өкілдері қатысты.

Жиында ерте жобалау барысы, газ құбырын салу, қосылу нүктесін анықтау және шикі газды есепке алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Коммерциялық шарттарды келісуге, оның ішінде шикі газды алу бойынша қызмет көрсету туралы келісімге (Evacuation Service Agreement), оны кәдеге жарату төлеміне (Evacuation Service Fee) және шикі газды беру шарттарына ерекше назар аударылды.

Энергетика министрлігі Қарашығанақ ГӨЗ құрылысы жобасының іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстап, техникалық және коммерциялық мәселелерді уақтылы шешу және жобаны одан әрі ілгерілету үшін мүдделі тараптардың үйлестіруін қамтамасыз етеді.

Көп оқылғандар