Сурет: Орталық куммуникациялар қызметі
Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік осал топтағы жастарды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының кемінде 2%-ы жетім балаларға бөлінуде. Соңғы үш жылда әлеуметтік осал топтардан шыққан студенттерге, соның ішінде жетім балалар мен толық емес отбасылардан шыққан жастарға жатақхана шығындарын өтеу және шәкіртақыға қосымша үстемеақы төлеу түрінде қолдау көрсетілуде.
«Серпін» бағдарламасын іске асыру тетіктері де жаңартылды. Былтыр бағдарлама бойынша бөлінген гранттарды игеру көрсеткіші алғаш рет 80%-дан асты. Қазіргі уақытта бағдарлама жаңа форматқа көшіріліп, оның ережелеріне өзгерістер енгізілді», деді Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Министр бұған дейін соңғы 7 жылдың ішінде 755 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс аясында гранттар берілгенін атап өтті. Осы бағытта 1,5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары мемлекеттік білім гранттарынан бөлек, талапкерлерге 2 мыңнан астам ішкі грант ұсынып отыр.
Мазмұнға өту
