Шартарап

81 жастағы жазушы Букер сыйлығының ең егде лауреаты атанды

Сурет: ашық дереккөз

Британдық жазушы Майкл Джон Харрисон 2026 жылғы Букер сыйлығының иегері атанды. Ол бұл марапатқа The End of Everything («Бәрінің соңы») атты антиутопиялық романы үшін ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеңімпаздың есімі 9 қарашада Лондонда жарияланды. 81 жастағы қаламгерге 50 мың фунт стерлинг ақшалай сыйақы мен арнайы мүсінше табысталды.

Осылайша, Майкл Джон Харрисон Букер сыйлығының тарихындағы ең егде лауреат атанды. Ол 2019 жылы 79 жасында марапат алған Маргарет Этвудтың рекордын жаңартты. Сонымен қатар, бұл – Букер сыйлығының фантаст-жазушыға алғаш рет берілуі.

«Бәрінің соңы» – Майкл Джон Харрисонның 13-романы. Жазушы бұл туындысы арқылы алғаш рет Букер сыйлығының қысқа тізіміне енген. Көлемі 198 бет болатын кітап биылғы үміткерлер арасындағы ең қысқа шығарма саналады. Айта кетейік, автор 2022 жылы Букер сыйлығының қазылар алқасының құрамында да болған.

Еске сала кетейік, әдебиет бағыты бойынша 2026 жылғы Нобель сыйлығы канадалық жазушы әрі ақын Энн Карсонға берілді.

Көп оқылғандар