Шартарап

Астанада «Қызғалдақ мекені» көрмесі ашылды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Елордадағы Ұлттық музейде Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Қызғалдақ мекені» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрменің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Қазахбай Әжібекұлы. Экспозицияда туған жер тарихы, ұлттық рух, табиғи мұра мен тәуелсіздік идеясы қызғалдақ бейнесі арқылы тоғысқан.

Көрмеде Алтын Орда дәуірінен бергі тарихи тұлғалардың, сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фараби мен Абайдың бейнелері ұсынылған. Суретші туындыларында кең дала, табиғат көріністері мен тарихи тұлғалар бейнеленген.

Бұған дейін Астанада Түркияның миниатюра шеберлері Танер Алакуш пен Ясемин Акйолдың «IZLEK» көрмесі ашылып, онда суретшілердің 41 туындысы қойылған болатын. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылуына орай Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында концерт өтті.

Көп оқылғандар