Шартарап

Бэтменнің Batpod мотоциклі Лондонда аукционға шығарылады

Сурет: propstoreauction.com

Кристофер Ноланның «Қара сері» фильмдерінде түсірілген Бэтменнің түпнұсқа Batpod мотоциклі Лондонда аукционға қойылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылар сирек көлік үшін 900 мың фунт стерлингке дейін, яғни шамамен 540 миллион теңге алуды жоспарлап отыр. Сауданы британдық Propstore аукцион үйі өткізеді, аукцион 2026 жылдың 4-6 желтоқсанында болады.

Түсірілім үшін жасалған алты мотоциклдің ішінен сатылымға шығарылған бұл үлгі — Warner Bros. студиясы сатуға рұқсат берген жалғыз нұсқа.

Batpod дизайнын режиссер Кристофер Нолан мен қоюшы-суретші Нейтан Кроули бірлесіп әзірлеген. Мотоцикл 750 текше сантиметрлік Honda қозғалтқышымен және 31 дюймдік алып дөңгелектермен жабдықталған.

Ерекше конструкциясына байланысты оны басқару кәсіби каскадерлерге де оңай болмаған. Propstore негізін қалаушы Стивен Лейннің айтуынша, түсірілім кезінде мотоцикл бірнеше рет бақылаудан шығып кеткен, бір жолы түсірілім камерасына соғылған.

Енді әйгілі фильмде пайдаланылған бұл көлік коллекционерлердің назарына ұсынылмақ.

Көп оқылғандар