Сурет: Жайық Пресс
Орал қаласында 1 желтоқсанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен күресшілер қатысады. Спортшылар 30 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды. Қатысушылар қатарында ұлттық құрама өкілдері де бар.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 2027 жылға арналған сапына енуге үміткерлер белгіленеді. Чемпионат 7 желтоқсанға дейін жалғасады.
Мазмұнға өту
