Қаржы

Қазақстан мен Беларусь 100 млн долларлық келісімге қол қойды

Сурет: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Минскіге ресми сапармен барып, Қазақстан мен Беларусь арасында жалпы құны 100 млн доллардан асатын келісімдер жасалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. 2025 жылы тауар айналымы шамамен 1,2 млрд долларды құрады. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 35%-дан астам өсті.

«Ресми сапар аясында сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. 2025 жылы тауар айналымы шамамен 1,2 млрд долларды құрады. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 35%-дан астам өсті. Премьер-министрдің сапары барысында жалпы сомасы 100 млн доллардан асатын келісімшарттар жасалды. Олардың қатарында өнеркәсіп кооперациясы жобалары мен Беларусь Республикасына автокөлік жеткізу жөніндегі келісімдер бар. Жалпы, өнеркәсіп кооперациясына және агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізуге баса назар аударылды», деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Атап айтқанда, «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндірген 790 коммерциялық автокөлікті 2027–2028 жылдары Беларусь еліндегі серіктесі — «Эр Си Эм» ЖШҚ компаниясына жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Олардың жалпы құны кемінде 30 млн долларды құрайды. Қазақстандық автокөлік өндірушілерінің Беларусь нарығына экспорттауға расталған жиынтық әлеуеті жылына 4,5 мың автокөлікке дейін жетеді. Сондай-ақ қазақстандық сусындар мен өзге де өнімдерді жеткізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Көп оқылғандар