Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Мамандардың пікірінше, бұл денсаулық сақтау саласындағы жүйелі реформалардың нәтижесі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
24.kz дерегінше, қазіргі уақытта отандастарымыз мемлекет есебінен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейінгі медициналық көмекті тегін алып отыр. Кардиохирургия, нейрохирургия, ағза трансплантациясы және онкологиялық ауруларды емдеу бағыттары қаржыландырылады.
Онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілген. Нәтижесінде 300 мыңға жуық адам қосымша диагностикадан өтіп отыр.

