Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Президент Тоқаев Қазақстан мен Гонконг арасындағы байланыстарды нығайтуға дайын екенін жеткізді. Джон Ли өз кезегінде Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін айтты.
Мазмұнға өту
