Сурет: ашық дереккөз
Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру және терең өңдеу салаларын дамытуды жалғастырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Негізгі бағыттардың бірі – автомобиль жасау, жасанды интеллект және технологиялық экожүйені дамыту. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Цифрландыру және жасанды интеллект саласында Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Alem.AI тұжырымдамасы аясында ЖИ саласында мыңдаған маман даярлау, жыл сайын жүздеген стартаптар мен ондаған зерттеу жобаларын қолдау жоспарланған.

