Categories Қаржы

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылғы бюджет кірісі 21,4 трлн теңге болғанын айтты

Сурет: istockphoto.com

2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, трансферттерді есептемегенде республикалық бюджеттің меншікті кірістері 15,3 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге артқан.

Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті. Жалпы өсім корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша түсімдердің ұлғаюы, импорттың өсуі, сондай-ақ әкімшілендіру тиімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етілді, — деді министр.

Мәди Тәкиевтің сөзінше, корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 880 млрд теңгеге өсіп, 4,5 трлн теңгеге жеткен. Ал қосылған құн салығы 932,5 млрд теңгеге артып, 6,1 трлн теңгені құраған.

Министр мемлекет бизнес алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырып жатқанын атап өтті. 2025 жылы бюджеттен 1 трлн 354 млрд теңге қосылған құн салығы қайтарылған. Осылайша ел қазынасына өткен жылмен салыстырғанда 138 млрд теңге артық қаражат түскен.

Ұқсас жазбалар

Қаржы министрі Мәди Такиев ЖИ саласында мыңдаған маман даярланатынын айтты

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілісте ЖИ саласында мыңдаған маман даярланатынын, Alem.AI орталығы ашылғанын хабарлады.

Қаржы министрі: Мемлекеттік қарыз деңгейі экономикаға қауіп төндірмейді

Қазақстанның мемлекеттік қарызы өткен жылы 4,8 трлн теңгеге артып, 36,4 трлн теңгеге жетті. Қаржы министрі…

2025 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімі 6,5 пайызды құрады

2025 жылы Қазақстанда ІЖӨ өсімі 6,5 пайызды құрады. Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілісте баяндады.