Қаржы

«Отбасы банк» қайта қаржыландыру қарызын уақытша тоқтатты

Сурет: istockphoto.com

«Отбасы банк» басқа банктердегі тұрғын үй несиелерін қайта қаржыландыруға арналған қарыздарды беруді уақытша тоқтатты. Шектеу 2026 жылғы 23 қазанға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Банк мәліметінше, бұл шешім 1 қазаннан бастап қайта қаржыландыруға қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты қабылданған. Шектеуге сәйкес клиент басқа банктегі немесе қаржы ұйымындағы тұрғын үй қарызын өтеу үшін «Отбасы банктен» жаңа қарыз ала алмайды.

«Соған қарамастан сыртқы қайта қаржыландыруға өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Клиенттер өтінімді бұрынғы тәртіппен бере алады, алайда әзірге мұндай өтінімдер бойынша қарыз берілмейді», делінген банк хабарламасында.

«Отбасы банк» қарыз беру қайта басталған кезде қосымша ақпарат жариялайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін «Отбасы банк» тұрғын үйді кепілге қабылдау талаптарын өзгерткен болатын.

Көп оқылғандар