Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда «Отбасы банк» арқылы берілетін ипотеканың бастапқы жарнасын 10%-ға дейін төмендету ұсынылып отыр. Қазір бұл бағытта қаржы моделі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, бұл мәселені бейінді министрлік «Отбасы банкпен» бірлесіп пысықтап жатыр.
«Қаржы моделін «Отбасы банкпен» бірлесіп әзірлеп жатырмыз. Шамамен 2027 жылы осы жаңа тетіктерді жариялаймыз», деді ол Үкіметтегі брифингте.
Ұсыныс мақұлданса, ипотека алушылар үшін бастапқы жарна мөлшері 10%-ға дейін азаюы мүмкін. Жаңа тетіктер 2027 жылы жариялануы ықтимал.
Айта кетейік, жақында «Отбасы банк» ЕҰУ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.
Мазмұнға өту
