Categories Әлем

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға сотталды

Сурет: aa.com.tr

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Сеул орталық аудандық соты оны әскери дрондарды Пхеньян әуе кеңістігіне жіберуге бұйрық бергені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, бұрынғы президент «жауға жәрдемдесу» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айыпталды. 2024 жылдың қазан айында Юн Сок Ёль дрондардың Солтүстік Корея әуе кеңістігін бұзуын ұйымдастырып, Пхеньянды арандатқан.

Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы президент 30 жылға сотталды. Оның адвокаттары үкімге шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Бұл іс бойынша бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён да 30 жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылғы 3 желтоқсанда Юн Сок Ёль оппозицияны «мемлекетке қарсы әрекетпен» айыптап, әскери жағдай енгізген еді. Алайда Ұлттық жиналыс бұл шешімнің күшін жойды. 2024 жылғы 14 желтоқсанда парламент оған импичмент жариялап, 2025 жылғы 4 сәуірде Конституциялық сот оны қызметінен түпкілікті шеттетті.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Оңтүстік Корея Чехияны 2:1 есебімен жеңді

Әлем чемпионатының А тобында Оңтүстік Корея Чехияны 2:1 есебімен жеңді. Матч Астана уақытымен таңғы 7:00-де…

Трамп Гренландиядан кейін Чагос аралдарын сатып алуды қарастырып жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Үнді мұхитындағы Чагос аралдарын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл қадам…

Мексикада бес полицей қаза тапты

Мексиканың Мичоакан штатында белгісіз қарулы адамдар полиция патруліне оқ жаудырды. Салдарынан бес полиция қызметкері қаза…