Қаржы

Мұнай бағасы барреліне 102 доллардан төмендеді

Сурет: ашық дереккөз

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 102 доллардан төмендеді. Ал WTI маркалы мұнай барреліне 98 доллар деңгейінде саудаланып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуі Таяу Шығыстағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге қатысты үміттің артуымен байланысты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

Өткен аптада әлемдік нарықта мұнай бағасы айтарлықтай арзандады. Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері 3,18 долларға немесе 2,92%-ға төмендеп, барреліне 105,57 доллар болды.

Көп оқылғандар