Categories Қаржы

Ертеңнен бастап зейнетақы шегін есептеудің жаңа тәртібі күшіне енеді

Сурет: istockphoto.com

Елімізде 5 маусымнан бастап зейнетақы шоттарындағы жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаражатын аударып алуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектенов зейнетақы жинағын пайдалану шегін анықтау әдістемесін өзгерту туралы қаулыға қол қойған еді. Жаңа ереже бойынша зейнетақы шотында қалуға тиіс ең төменгі сома айтарлықтай артуы мүмкін, бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігін шектейді.

Мамандардың айтуынша, жаңа тәртіп енгізілгенге дейін салымшылар шекті мөлшерден асқан қаражатын пайдалану үшін өтініш бере алады. Ол үшін өтінішті enpf-otbasy.kz платформасы арқылы 5 маусымға дейін тапсыру қажет.

Бұрынғы есептеу жүйесі азаматтың болашақ жарналарын ескеруге негізделсе, жаңа тәсіл зейнетке шыққаннан кейін өмір бойы төленетін төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті соманы есептеуге бағытталған. Есептеу кезінде инвестициялық табыстылық, жыл сайынғы индексация, азаматтың жасы, өмір сүру ұзақтығы және зейнетақы алу мерзімі сияқты факторлар ескеріледі.

Ұқсас жазбалар

Емхана қызметкері болып хабарласқан алаяқтардан сақ болыңыз

Ел тұрғындарына дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті. Жылдық инфляция мамырда 10,4% болды.

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, валюта нарығындағы өзгерістер…