Сурет: malaymail.com
Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17 қазанға дейін жабылды. Бұл шешім зымыран шабуылдарынан кейінгі қауіпсіздік тексерісіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әуежай 10 қазаннан бері жұмыс істемей тұр. Йемендегі хуситтердің шабуылы салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 300-ден астамы жарақат алған.
Кейін терминалдарға тағы бірнеше рет соққы жасалды. Нәтижесінде Пәкістанның бір азаматы қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған.
Әуежай қайта ашылғанша мамандар оның қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын тексереді. Осыған байланысты бірқатар ірі шетелдік әуе компаниясы Эр-Риядқа қатынайтын рейстерін тоқтатқан.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясында жүрген отандастарымызға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескерткен болатын.
