Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда мемлекеттік мектептердің бірінші сыныбына құжат қабылдау науқаны жалғасуда. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға өтінішті 31 тамызға дейін тапсыру қажеттігін ескертті. Құжаттарды OQU ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы немесе мектепке тікелей бару арқылы тапсыруға болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, «Келешек мектептері» жобасы аясындағы білім беру ұйымдарына алдымен сол мектеп бекітілген аумақта тұратын балалар қабылданады. Бос орын болған жағдайда ата-аналар басқа мемлекеттік мектепті де таңдай алады.
Өтініш беру үшін баланың заңды өкілінің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы тиіс. Бұл ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
Мектепалды даярлықтан (нөлінші сыныптан) өткен балалар бірінші сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмауға шақырды.
Биыл бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі өзгерді. Бұрын құжат қабылдау 1 сәуірде басталса, енді өңірлерде ол 27 мамыр мен 29 маусым аралығында кезең-кезеңімен басталып, 31 тамызда аяқталады. Министрлік бұл өзгеріс оқу жылының аяқталу кезеңінде мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мазмұнға өту
