Спорт

Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды

Сурет: ТСМ

Жасөспірімдер Олимпиадасында боксшы Бибарыс Әшірбай 70 келіге дейінгі салмақта Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіліп, күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Британдық боксшы бірінші раундтан бастап басымдық танытты. Осылайша Бибарыс Әшірбай Қазақстан құрамасына екінші күміс медальді сыйлады. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) екінші орын алған болатын.

Қазіргі таңда ұлттық құраманың қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медальға қол жеткізсе, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) және триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль алған.

Көп оқылғандар