Қаржы

Астанада 13-14 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада 13-14 маусым күндері дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеге еліміздің әр өңірінен фермерлер мен отандық өндірушілер қатысады. Келушілер көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, ұн, кондитерлік тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа азық-түлік тауарларын сатып ала алады.

Іс-шара екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Керуен жолы сауда орталығында өтеді. Жәрмеңкеге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Көп оқылғандар