Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Тізімге жарақатынан айыққан Неймар да енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Анчелотти Неймардың командаға қосылуын үлкен жеңіс деп бағалады. Ол Неймардың тәжірибесі мен шеберлігі Бразилияға әлем чемпионатында күш береді деп сенеді.
«Неймар – біздің жұлдызымыз. Оның алаңға қайта оралуы бүкіл команданы рухтандырады», – деді Анчелотти.
Бразилия құрамасы әлем чемпионатына қатарынан бесінші рет қатысады. Команда қазіргі уақытта іріктеу кезеңінде көш бастап тұр.

