Categories Қаржы

Alatau City инвестициялық әлеуеті Қытайда таныстырылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған делегация Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Alatau City-дің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, девелоперлік және технологиялық компанияларының өкілдері қатысты. Қатысушыларға Алатау қаласын дамытудың негізгі бағыттары, соның ішінде инвесторларға арналған жеңілдіктер, жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және арнайы құқықтық режімнің мүмкіндіктері таныстырылды.

Шэньчжэньнің инновациялар, цифрлық басқару және инвестиция тарту саласындағы тәжірибесін зерделеуге ерекше көңіл бөлінді. Қытай мегаполисінің озық тәжірибелерін Алатау қаласын дамытуда қолдану жоспарланған. Атап айтқанда, жаңа буын аккумуляторлары, энергия сақтау жүйелері, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін құру, электр көлігі мен қуаттау инфрақұрылымын дамыту, өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергетика нысандары, инженерлік, көлік және логистикалық инфрақұрылым салу, сондай-ақ Smart City технологияларын енгізу туралы келісімдерге қол қойылды.

Роуд-шоу барысында жетекші қытайлық корпорациялар мен инвестициялық топтардың басшылығымен бірнеше екіжақты кездесу өтті. Келіссөздерде Қытай компанияларының Alatau City жобаларына қатысуы, өндірістерді локализациялау, технологиялар трансферті және қаланы дамытуда тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 24 келісімге қол қойылды. Өнеркәсіп, энергетика, логистика, жоғары технологиялар, қалалық инфрақұрылым және цифрлық экономика салаларында жалпы инвестициялық әлеуеті 6 млрд долларға дейінгі жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Шэньчжэньдегі роуд-шоу халықаралық нарықта Alatau City-дің инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілетудің маңызды кезеңі болды және бизнестің Алатау қаласын дамытуға қатысуға деген жоғары қызығушылығын растады.

Инвесторларды тарту жұмысы Гонконгтегі жетекші инвестициялық қорлардың, қаржы ұйымдарының, банктердің, сақтандыру компаниялары мен технологиялық корпорациялардың қатысуымен өтетін келесі іс-шаралар аясында жалғасады.

Ұқсас жазбалар

Туризм және спорт министрлігі Бибісара Асаубаеваға 100 млн теңге бөлді

Туризм және спорт министрлігі биыл Бибісара Асаубаеваға 100 миллион теңге бөлген.

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар мен инвестициялар

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Ұлттық банк зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің өсу себебін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінің көтерілу себебін түсіндірді.