Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мамандары «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «КАЖсервис» ЖШС және облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі автомобиль жолдарында диагностикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Жұмыс барысында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің аркалары арасындағы қашықтықтар жоғары дәлдікпен өлшенді. Алынған деректер жүйені дұрыс баптауды, көлік құралдарының орташа жылдамдығын объективті бақылауды қамтамасыз етуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстар облыстық филиалдың жылжымалы жол зертханасының көмегімен орындалуда.
Заманауи жабдық қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жоғары дәлдікті өлшеулер жүргізуді қамтамасыз етеді. Автомобиль жолдары мен жол инфрақұрылымы объектілерінің кешенді диагностикасы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің жол желісін жетілдіруге ықпал етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мазмұнға өту
