Қоғам

Жезқазғанда капоты ашық көлік айдаған жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет: полиция

Жезқазғанда Сарыарқа көшесінде капоты ашық ВАЗ-21010 автокөлігін басқарған жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер осы бейнежазбаны тапқан. Жүргізуші табылып, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылар үшін өте қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі автокөліктерге қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. 56 көлікті шетелге шығарып сатқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Абай облысында мас күйде көлік басқарған 600-ге жуық жүргізуші ұсталды.

Көп оқылғандар