Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі
Қазақстанда соңғы 7 жылда мемлекеттік тапсырыс аясында 755 мыңнан астам жоғары білім гранты берілді. Бұл бағытқа 1,5 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министрдің айтуынша, шәкіртақы мөлшері соңғы 5 жылда кемінде 2 есе, ал 7 жыл ішінде 2,5 есе өскен. Бұл жұмыстар жалғасады.
«Шетелдік студенттерге келсек, осыдан 4,5-5 жыл бұрын бастаған стратегиямыз өз нәтижесін көрсетуде. 5 жылдың ішінде 41 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанда оқып жатыр. Бұл – тарихи рекорд. Қазақстан аймақта академиялық хаб ретінде қалыптасты деп толыққанды айта аламыз», деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар, елімізде PhD докторанттарының ай сайынғы шәкіртақысын 2029 жылға дейін 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Мазмұнға өту
