Categories Спорт

Жазғы Универсиада: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Фото: ҰОК

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті.

Дүниежүзілік додада дзюдодан қола үшін белдесуде Аман Бақытжан (60 келі) сынға түсіп, грузиялық балуан Лука Модебадзені жеңді.

Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев (66 келі) украиналық Микита Холобородконы қапы қалдырып, үздік үштіктен көрінді.

Ал еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

Ұқсас жазбалар

Олимпиада жүлдегері Денис Ұланов штанганы іліп қойды: енді бапкер

2016 жылғы Олимпиада қола жүлдегері Денис Ұланов кәсіби спортты тастап, бапкерлікке көшті. Ол жас спортшыларды…

Хаби Алонсо «Челсиді» басқарады: 2026 жылдың жазынан бастап

Испандық бапкер Хаби Алонсо 2026 жылдың шілдесінен бастап «Челсиді» жаттықтырады. Ол лондондық клубпен келісімшартқа отырды.

15 жастағы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды: 9 ұпай жинап, алтын алды

15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионатында 9 ұпай жинап, алтын алды.