Қаржы

Жасанды интеллект кәсіп ашуға ең тиімді жерді өзі таңдап береді

Қазақстанда бизнес ашуды жеңілдететін жаңа AI-көмекші әзірленіп жатыр. Бұл жүйе кәсіпкерге ең тиімді орынды таңдап береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жаңа жобаны таныстырды. Оның айтуынша, AI-көмекші жергілікті нарықты, халық тығыздығын және бәсекелестікті талдап, бизнес үшін қолайлы мекенжайды ұсынады.

«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу. Енді оларға орын іздеп әуреленудің қажеті жоқ, жасанды интеллект барлық есепті өзі жүргізеді», – деді министр.

Жоба қазір пилоттық режимде іске қосылған. Алдағы уақытта AI-көмекшінің функционалын кеңейтіп, оны барлық өңірге енгізу жоспарланып отыр.

Көп оқылғандар