Басты тақырып

Жаңаөзенде екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті

Сурет: Aikyn.kz

Жаңаөзен қаласындағы Рахат-2 шағынауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 15 қараша күні сағат 14:30 шамасында тіркелген. Toyota Camry мен Daewoo Nexia маркалы көліктер соқтығысқан.

Қатты соққыдан автокөліктердің бірі бағанаға соғылып, бағана көліктің үстіне құлаған. Апат салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жол апатына үш емес, екі автокөлік қатысқанын нақтылады.

Көп оқылғандар