Жайық news

Жәңгір хан университетінің түлегі Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: Жайық Пресс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Назгүл Серікқалиқызы Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бизнес және басқару магистрі дәрежесімен бітірген.

2012–2021 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымында менеджер, сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған. 2021–2022 жылдары министрліктің Ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасын басқарған. 2022–2025 жылдары Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры болған. 2025 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Егіншілік департаментінің директоры қызметін атқарған.

Көп оқылғандар