Сурет: Report
Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Малтепе ауданында 7 қабатты тұрғын үй құлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
TRT Haber арнасының мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.
Алдын ала мәлімет бойынша үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ.
Бұған дейін Үндістанда салынып жатқан көпір құлап, 6 адам қаза тапты. Ал Астанада қатты желдің салдарынан 9 қабатты үйдің қасбеті құлады.
