Спорт

WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белбеуден бас тартуын ресми түрде қабылдады

Сурет: instagram/janibek_alimkhanuly

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартуына ресми рұқсат берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымның хабарлауынша, енді WBO нұсқасы бойынша орта салмақта британдық Дензел Бентли әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Әлімханұлы 2022 жылы Бентлиді рингте жеңген болатын.

Сонымен қатар WBO боксшының келесі салмақ дәрежесіне ауысуына қатысты өтінішін қарастыратынын мәлімдеді. «Әлімханұлы WBO рейтингтерін қайта қарау туралы өтініш жолдады. Бұл мәселе ұйымның Дүниежүзілік рейтинг комитетінде қаралады», делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың қарашасында допинг-сынамасынан мельдоний табылған соң бір жылға жарыстардан шеттетілген еді. Дисквалификация мерзімі желтоқсанда аяқталуға жақын болғандықтан, боксшы суперорта салмаққа ауысу үшін WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартты. Суперорта салмақта оның қарсыластары қатарында Сауль Альварес, Эдгар Берланга, Хамза Шираз және Хайме Мунгия секілді танымал боксшылар бар.

Көп оқылғандар