Сурет: ТСМ
Айчи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан Қазақстанның үш спортшысы әйелдер арасындағы финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жапониядағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстың жартылай финалдық жарыстары мәресіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова және Диана Щедрова өз топтарында үздік тоғыздың қатарына еніп, финалға өтті.
Жартылай финалда спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу, жүгіру және лазерлік тапанша ату бойынша сынға түсті.
Аяна Қазбекова – 5-орын, 1363 ұпай; Юлиана Петрова – 9-орын, 1345 ұпай; Диана Щедрова – 5-орын, 1356 ұпай.
Әр жартылай финалдық топтан ең үздік тоғыз спортшы финалға жолдама алды. Осылайша Қазақстанның үш бессайысшысы да Азия ойындарының медальдары үшін күресін жалғастырады.
Әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстың финалы 20 қыркүйекте өтеді.
