Сурет: Depositphotos
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (АФК) деректеріне сүйенсек, доллар бағамы қатарынан жетінші сауда сессиясында төмендеп, 460,34 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бір сауда сессиясында америкалық валюта 0,93 теңгеге құнсызданды. Сауда көлемі 113,9 миллион долларға артып, 423,4 миллион долларды құрады.
Сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюына шетел валютасына сұраныстан гөрі ұсыныстың басым болуы әсер етті.
Сонымен қатар, мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуы да теңгені қолдап отыр. Мұнай бағасы барреліне 90 доллардан астам тұр. Қымбат мұнай шетел валютасына деген сұранысты төмендетуі мүмкін.
Бұған дейін АФК аналитикалық орталығының сауалнамасы қыркүйек айының басында доллар бағамы 480,2 теңге болуы мүмкін екенін көрсеткен еді.
Кеше Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 458,90 теңгеден сатып алынып, 465,74 теңгеден сатылды.
16 тамызда Астанада доллар 462,5 теңгеден сатып алынды, 466 теңгеден сатылды.
Мазмұнға өту
