Қаржы

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау тамызда басталады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау тамыз айында басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Ұмай» ипотекасына қатысты жақсы жаңалығымыз бар. Бағдарламаны тамыз айында іске қосамыз. Алғашқы қаражат та жолға шықты», деді Ләззат Ибрагимова.

Бұған дейін аталған бағдарламаға 45 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Ипотека ресми табысы бар және соңғы кемінде 6 ай бойы міндетті зейнетақы жарналары аударылып келген жұмыс істейтін әйелдерге арналған.

Бағдарламаға қатысушы әйел екіге дейін тең қарыз алушыны тарта алады. Сондай-ақ бастапқы жарнаны төлеу үшін зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бағдарлама тек алғашқы баспананы сатып алуға емес, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында екінші немесе үшінші пәтерді сатып алуға да мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар