Қоғам

Фототілші Юрий Беккер 68 жасында қайтыс болды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Зельманұлы Беккер 68 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жария етті. «Қазақ газеттері» ЖШС марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестері мен достарына, сондай-ақ оны білетін баршаға қайғырып көңіл айтады.

Юрий Беккер өмірінің саналы ғұмырын журналистикаға, соның ішінде еліміздің фотошежіресін жасауға арнады. Ол елдің қоғамдық, саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, еңбек адамдары мен қарапайым азаматтарды таспаға түсірді. Оның фотосуреттері Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының бір бөлігіне айналды.

Юрий Зельманұлы «Казахстанская правда» газетінің редакциясында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ол соңғы күндеріне дейін редакцияда еңбек етіп, кәсібі мен ісіне адалдығын сақтады.

Юрий Беккердің әріптестері оны талантты фотожурналист, асқан жауапкершілікпен жұмыс істейтін кәсіби шеберлігі мол маман ретінде еске алады.

Көп оқылғандар