Қоғам

Алматы тауларындағы мұздықтан адам сүйегі табылды

Сурет: ашық дереккөз

Алматы маңындағы Северцов мұздығында, теңіз деңгейінен шамамен 4300 метр биіктікте, адам сүйегі табылды. Оны тауға шыққан туристер байқап, құтқарушыларға хабарлаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, сүйек мұздықта кемінде былтырдан бері жатуы мүмкін. Оқиға орнына «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен медицина қызметкерлері жіберілді. Олардың міндеті – мәйітті биік таулы аймақтан төменге түсіру.

Құтқару жұмыстарына тік жартастар, қол жетпейтін жер бедері және қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде.

Сүйек таудан эвакуацияланғаннан кейін полицияға тапсырылады. Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтап, өлім мән-жайларын тексереді.

Көп оқылғандар