Басты тақырып

Ұлытаудан Парижге жаяу: 76 жастағы ақсақал 3000 шақырым жолды еңсерді

Ұлытаулық 76 жастағы Сәрсенбай Қотырашов Парижге дейін жаяу жетіп, арнайы марапат алды. Ол 3000 шақырымнан астам жолды 3 айда еңсерген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сәрсенбай атаның бұл сапары Ұлытаудан басталып, Ресей, Беларусь, Польша, Германия арқылы Францияға дейін созылған. Ол жол бойы қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, кездескен адамдарға ұлттық тағамдар мен бұйымдарды сыйлаған.

«Бұл сапар – менің өмірлік арманым еді. Қазақ елінің рухын әлемге паш ету үшін аттандым. Жолда көптеген қиындықтар болды, бірақ халықтың қолдауы мені алға жетеледі», – дейді Сәрсенбай Қотырашов.

Парижде оны қазақ диаспорасы мен жергілікті билік өкілдері құрметпен қарсы алды. Ақсақалға «Мәдениет елшісі» атағы беріліп, арнайы диплом табысталды.

Бұл – Сәрсенбай атаның алғашқы шетелдік жаяу сапары емес. Оған дейін ол Түркия мен Әзербайжанға да жаяу барған. Ендігі жоспары – Еуропаның басқа да қалаларын аралау.

Көп оқылғандар