Жайық news

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебіне құжат қабылдау басталды

Сурет: Жайық Пресс

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сыныбына 2027–2028 оқу жылына оқуға түсуге ниет білдірушілер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім грантын беру конкурсына құжат қабылдау ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжаттар 2026 жылғы 23 қарашадан 28 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымында оқуға арналған грант конкурсына қатысу үшін өтініштер екі тәсілмен тапсырылады.

Өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге болады, оған қажетті құжаттар порталда тіркеледі. Қағаз түріндегі құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру тәртібі де қарастырылған.

Қағаз түрінде құжат тапсырған кезде барлық құжат пластик папкаға тігіледі. Кешенді тестілеу күндері үміткерлер өзімен бірге түрлі-түсті принтерде басып шығарылған рұқсат қағазын алып жүруі қажет.

Кешенді тестілеу 2027 жылғы 26 және 27 наурызда өтеді.

Құжаттарды қағаз түрінде тапсыру Орал қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 16 мекенжайы бойынша, Назарбаев зияткерлік мектебінің ғимаратында жүргізіледі. Байланыс телефоны: +7 771 543 87 74.

Көп оқылғандар