Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада 26 қазан мен 3 қараша аралығында Ш. Мұртаза көшесінің Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде жол төсемі жөнделеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағытты алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер қойылады.
Мазмұнға өту
