Әлем

Қытай жанармай экспортын тоқтатты, Brent бағасы 100 доллардан асты

Сурет: istockphoto.com

Қытай мұнай өнімдерін сыртқа шығаруды уақытша тоқтатып, әлемдік отын нарығындағы қысымды одан әрі күшейтті. Reuters агенттігінің мәліметінше, PetroChina қазан айына жоспарланған бензин мен авиациялық отынның бірнеше партиясын жөнелтуден бас тартқан, ал ірі мұнай өңдеу зауыттарына 7 қазанға дейін экспортқа рұқсат берілмеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім әлемдік нарықтағы ұсыныс тапшылығы күшейіп тұрған кезде қабылданды. Қытайдың экспортты қашан қайта бастайтыны әзірге белгісіз. Аталған шешім елдегі отын қорлары мен мұнай өңдеу көлеміне байланысты болады.

Жаңалықтан кейін Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 101,20 доллар баррельге дейін көтеріліп, бір күн ішінде 3,2%-ға өсті.

Қытайдың бұл қадамы Таяу Шығыстағы қақтығыс пен Ресейдегі мұнай өңдеу инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан туындаған жеткізілім мәселелерін одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, экспорттың тоқтауы әсіресе дизель мен басқа да мұнай өнімдерінің нарығына қысым түсіреді.

Айта кетейік, Қытайдың экспортты тоқтатуы ел президенті Си Цзиньпиннің Вашингтонға сапарынан кейін болды. Кездесу барысында АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайды әлемдік отын жеткізілімдерін тұрақтандыруға көмектесуге шақырған еді.

Көп оқылғандар