Қоғам

Republic Day және Bereke Fest: 649 сауда нысаны жеңілдік ұсынады

Сурет: @saudagovkz

Қазақстанның 20 өңірінде Республика күніне арналған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік науқанға ел бойынша 649 сауда нысаны тартылды. Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар арнайы бағамен ұсынылып, кейбір тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Мерекелік ұсыныстар сауда орындарында да, онлайн платформаларда да қолжетімді. Акциялар сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, бөлшек сауда желілерін және қазақстандық маркетплейстерді қамтиды.

Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қатысуда. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісінің дүкені қосылды.

Акцияға қатысатын сауда нысандары мен олардың мекенжайлары туралы ақпарат әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Өз өңіріңіздегі дүкендер тізімімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады.

1. Абай облысы https://www.gov.kz/org/abay/press/news/details/1312766?lang=kk

2. Ақмола облысы https://www.gov.kz/org/aqmola/press/news/details/1312769?lang=kk

3. Ақтөбе облысы https://www.gov.kz/org/aktobe/press/news/details/1312760?lang=kk

4. Алматы облысы https://www.gov.kz/org/almobl/press/news/details/1312753?lang=kk

5. Атырау облысы https://www.gov.kz/org/atyrau/documents/details/1084795?lang=kk

6. Батыс Қазақстан облысы https://www.gov.kz/org/bko/press/news/details/1312772?lang=kk

7. Жамбыл облысы https://www.gov.kz/org/zhambyl/press/news/details/1312755?lang=kk

8. Жетісу облысы https://www.gov.kz/org/zhetysu-oblysy/press/events/details/49369?lang=kk

9. Қарағанды облысы https://www.gov.kz/org/karaganda/press/news/details/1312763?lang=kk

10. Қостанай облысы https://www.gov.kz/org/kostanay/press/news/details/1312765?lang=kk

11. Қызылорда облысы https://www.gov.kz/org/kyzylorda/press/news/details/1312761?lang=kk

12. Маңғыстау облысы https://www.gov.kz/org/mangystau/press/news/details/1312773?lang=kk

13. Павлодар облысы https://www.gov.kz/org/pavlodar/press/news/details/1312768?lang=kk

14. Солтүстік Қазақстан облысы https://www.gov.kz/org/sko/press/news/details/1312764?lang=kk

15. Түркістан облысы https://www.gov.kz/org/ontustik/press/news/details/1312767?lang=kk

16. Ұлытау облысы https://www.gov.kz/org/ulytau/press/news/details/1312754?lang=kk

17. Шығыс Қазақстан облысы https://www.gov.kz/org/akimvko/press/news/details/1312759?lang=kk

18. Астана қаласы https://www.gov.kz/org/astana/press/news/details/1312778?lang=kk

19. Алматы қаласы https://www.gov.kz/org/almaty/press/events/details/49370?lang=ru

20. Шымкент қаласы https://www.gov.kz/org/shymkent/press/news/details/1312770?lang=kk

Еске салайық, Republic Day және Bereke Fest акциялары 2026 жылғы 27 қазанды қоса алғанда жалғасады.

Көп оқылғандар