Қоғам

Қазақстанда он айда 1,6 млрд жолаушы тасымалданды

Сурет: ЖИ көмегімен жасалды

2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 1,6 млрд жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артқан. Жолаушылар айналымы да өсіп, 80,3 млрд жолаушы-шақырымға жетті.

Есепті кезеңде жолаушылар тасымалының барлық түрінен түскен кіріс 1,4 трлн теңгені құрады.

Жолаушылардың басым бөлігі автомобиль және қалалық электр көлігін таңдаған. Осы көлік түрлерімен он айда 1,6 млрд адам тасымалданды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,9%-ға жоғары.

Автомобиль және қалалық электр көлігінің жолаушылар айналымы 38,8 млрд жолаушы-шақырымды құрап, бір жылда 9,5%-ға өскен. Статистикалық деректер жолаушылар тасымалы көлемімен қатар, олардың жүріп өткен жалпы қашықтығының да артқанын көрсетеді.

Айта кетейік, Алматыда автобус жүргізушісі жалған куәлікпен жолаушы тасымалдаған.

Көп оқылғандар