Спорт

«Хабар» арнасы УЕФА кубок матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

Сурет: istockphoto.com

«Хабар» телеарнасы 24 қарашадан бастап УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының матчтарын тікелей эфирде ұсынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрсетілім 24 қарашада Чемпиондар лигасы аясындағы «Галатасарай» мен «Астон Вилла» арасындағы матчтан басталады. Ойын сағат 22:30-да эфирге шығады. Сол түні 00:50-де «Манчестер Сити» Италияның «Наполи» командасымен кездеседі.

25 қарашада сағат 22:30-да «Славия» мен «Вильярреал» ойнайды, ал 00:50-де «Интер» Германияның «Штутгарт» клубын қабылдайды.

26 қарашада Еуропа лигасының матчтары көрсетіледі: 22:30-да «Сельта» мен «Борнмут», 00:50-де «Спарта» мен «АЗ Алкмаар» кездеседі.

Матчтарды Есей Жеңісұлы, Жандос Айтбайұлы, Ернұр Дүйсенғазы, Еламан Әмірғазы, Дмитрий Нестеренко, Ербол Қайыров және Санжар Ақатаев шолып отырады.

Футбол жанкүйерлері ойындарды «Хабар» телеарнасынан бөлек, арнаның ресми сайтынан да онлайн тамашалай алады.

Айта кетейік, футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі раундында ойнаған «Қайраттың» биылғы маусымда қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Көп оқылғандар