Сурет: Жайық Пресс
Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің сарбаздары қоғамдық тәртіпті күзету кезінде тағы да сергектік пен жанашырлық танытты. Сағат 22:30 шамасында Мөңкеұлы көшесі, 85/6 мекенжайы бойынша патрульдік бағытта қызмет атқарған әскери наряд ересектерсіз жүрген адасқан қызды байқады.
Сержант Райымбек Нагимов, қатардағы жауынгерлер Сұлтан Құрманғалиев пен Темірлан Шохатов дереу баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кезекшілік қызмет арқылы хабарлап, ата-анасын анықтау шараларын қолданды. Көп ұзамай бала ата-анасына табысталды. «Шын жүректен ұландарға сергектігі, жеделдігі және адамгершілік қарым-қатынасы үшін алғыс айтамын. Бейжай қалмай, отбасымызға көмектескендеріңізге рахмет», – деді баланың анасы.
Әскери қызметшілердің жедел әрі сауатты әрекеті жағымсыз салдардың алдын алып, Ұлттық ұланның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, қиын жағдайға тап болған азаматтарға әрдайым көмекке дайын екенін тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мазмұнға өту
